Біз туралы

«Qazaq Green» ЖЭК қауымдастығы» Заңды тұлғалар бірлестігі

Ақпарат

Қауымдастық туралы

Қауымдастық инвесторларды, девелоперлерді, жабдық өндірушілерді, халықаралық қаржы институттары мен университеттерді біріктіре отырып, Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерін дамытуды қолдау, «жасыл» экономика қағидаттарын ілгерілету және көміртегі бейтараптығына қол жеткізуге жәрдемдесу мақсатында 2018 жылы құрылды.

Қауымдастық мүшелері бірқатар маңызды артықшылықтарға ие болады: Қазақстандағы ЖЭК жобаларын іске асырудың барлық кезеңдерінде білікті қолдау, компаниялардың мүдделерін ілгерілету, Қазақстандағы ЖЭК жөніндегі нормативтік-құқықтық база бойынша өзекті ақпарат алу, ЖЭК жөніндегі нормативтік-құқықтық құжаттарды өзектендіру мақсатында қауымдастық арқылы мемлекеттік органдарға ұсыныстар енгізу, ақпараттық және талдамалық қолдау алу, сондай-ақ компанияны Қазақстан нарығында Қауымдастықтың медиа-арналары арқылы жылжыту мүмкіндігі.

Қауымдастық ҚР Энергетика министрлігінде, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінде, «Атамекен» ҚР ҰКП-да аккредиттелген және қазіргі уақытта Қазақстанда ЖЭК дамыту бойынша мемлекеттік органдар үшін де, бизнес-қоғамдастық үшін де негізгі сараптамалық орталықтардың бірі болып табылады.

Қауымдастық Qazaq Green Fest (бұрын – Solar Fest Qazaqstan) ЖЭК бойынша Халықаралық бизнес фестивалінің бастамашысы болып табылады, сондай-ақ QazaqGreen салалық ақпараттық-талдау журналын шығарады және “жасыл” экономика бойынша ақпараттық портал.

Qazaq Green

Қызметіміз

Мақсат

Саланы дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында жаңартылатын энергетика секторындағы ойыншыларды біріктіру

Миссиямыз

ЖЭК жобаларына инвестициялаудың тартымды шарттарын алу үшін Қауымдастық қатысушыларының тұтас ұстанымын қалыптастыру

Қауымдастық қызметі

Негізгі міндеттер

Қауымдастық мүшелерінің мүдделерін білдіру және қорғау

Қазақстанда жасыл энергетика жобаларын іске асыру мәселелері бойынша Қауымдастық мүшелері мен мүдделі инвесторлар үшін ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу

Қазақстан Республикасының заңнамалық нормаларына ұсыныстар енгізу арқылы инвестициялық ахуалды жақсарту Қазақстан Республикасының заңнамалық нормаларына ұсыныстар енгізу арқылы инвестициялық ахуалды жақсарту

Халықаралық қаржы институттарымен ынтымақтастық

Инвестициялар мен үздік практикаларды тарту үшін саланы халықаралық аренада ұсыну

Қауымдастықтың серіктестері мен

Мүшелері

Құрамы

Басшылық

Қауымдастық

Құжаттар

Бізбен

Байланыс

Мекенжай

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы,
Есіл ауданы, Шұбар мкр-н., Александр Княгинин
11 көшесі

Пошта

info@spaq.kz