Қазақстанда ЖЭК дамыту 2009 жылы «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» ҚР Заңының қабылдануымен басталды.
Біздің еліміз өз алдына ЖЭК дамыту жөнінде өршіл мақсаттар қойды, оған сәйкес электр энергиясын өндірудің жалпы көлеміндегі жаңартылатын энергетиканың үлесін 2020 жылы 3%-ға дейін, 2025 жылы 6%-ға дейін, 2030 жылы 15%-ға дейін жеткізу қажет, 2050 жылға қарай барлық жиынтық энергия тұтынудың кем дегенде жартысы жаңартылатын және баламалы энергия көздеріне тиесілі болуы тиіс.
Бұл көрсеткіштер үкіметтік бағдарламаларда да, даму стратегияларында да тіркелген, ел басшылығы инвесторлар алдында және «Болашақ энергиясы» ЭКСПО-2017 аясындағы бүкіл әлемдік қоғамдастық алдында мәлімдеген.
Елде энергетиканың мүлдем жаңа секторы пайда болды, «жасыл» энергия нарығы қалыптасты. 2021 жылдың 1-ші жартыжылдығының қорытындысы бойынша елімізде қалыптасты. 2021 жылдың 1-ші жартыжылдығының қорытындысы бойынша елімізде қуаты 1897 МВт болатын 123 нысан жұмыс істеді:
Бүгінде ЖЭК – бұл Қазақстан экономикасына тікелей шетелдік инвестицияларды тарту бойынша зор әлеуеті бар, жеке толыққанды қалыптасқан сала.
Жалпы, ЖЭК секторы 626 млрд. теңге инвестиция тартты, 1310 тұрақты жұмыс орны құрылды, ЖЭК объектілері 81 млрд. теңге мөлшерінде салық төлейді. ҚР Үкіметінің 2020 жылғы шешімімен кездейсоқ емес. ЖЭК басым инвестициялық жобалар тізбесіне енгізілді.