БҰҰДБ-ҒЭҚ жобасының нәтижелерін Онлайн-талқылау

Құрметті әріптестер!
«Qazaq Green» ЖЭК қауымдастығы БҰҰДБ-ҒЭҚ «ЖЭК-ке инвестициялау тәуекелдерін төмендету» жобасымен бірлесіп, 16 наурызда сағат 15:00 – 16:30-да БҰҰДБ-ҒЭҚ жобасы бойынша жүргізілген жұмыс қорытындылары бойынша ашық талқылау өткізеді:
1. 2018-2020 жж. аралығындағы ЖЭК аукциондық сауда-саттығын талдау, ЖЭК тарифтерін индекстеу және ЖЭК жобалары үшін жер учаскелерін ресімдеу бойынша ұсыныстар.
2. Қазақстанда тікелей және жанама субсидияларды анықтау тұрғысынан электр және жылу энергиясы нарығын талдау.