Айнұр Соспанова

Жаңартылатын энергия саласында – 10 жылдан астам, Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшу тұжырымдамасын және жалпы алғанда Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия туралы заңнамасын әзірлеушілердің бірі болып табылады. Оның белсенді қатысуымен 2018 жылы жаңартылатын энергия саласындағы жобаларды іріктеу бойынша аукцион механизмі іске қосылды.
Негізгі жұмыс тәжірибесі:
2021 ж. – қазіргі уақытта – «Qazaq Green» ЖЭК қауымдастығының басқарма төрағасы;
2012-2021 жж. – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі жаңартылатын энергия көздері департаментінің директоры;
2009-2011 жж. – БҰҰДБ/ЖЭҚ/ Қазақстан Республикасының Үкіметі «Қазақстан жел энергиясы нарығын дамыту бастамасы»;