Qazaq Green ЖЭК Мектебі

Жаңартылатын энергия және оны қолдану негіздерін оқытады

бейне

Жаңартылатын энергияға саяхатыңызды бастаңыз

QAZAQ GREEN

Мектептің мақсаттары

Халықтың жаңартылатын энергия туралы жалпы хабардарлығын арттыру

ЖЭК технологиясының негіздерін беру

Қазақстан Республикасындағы ЖЭК-ті мемлекеттік реттеу және қолдау шаралары туралы ақпарат беру

Жаңартылатын энергия жобаларын қаржылық модельдеу негіздерімен танысу

ЖЭК жобаларын іске асыру принциптерін көрсету

СЕМИНАР тақырыбы

Қазақстан Республикасында жаңартылатын энергия көздерін дамыту және тәжірибеде қолдану

Семинардың мақсаты

Жаңартылатын энергия көздерінің жұмыс істеу негіздерін үйрету; Қазақстан Республикасындағы ЖЭК-не байланысты мемлекеттік реттеулер мен мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау жүйесін түсіндіру; ЖЭК жобаларын іске асыру барысындағы қажетті негіздер мен ЖЭК жобаларына қаржылық модель құру жайлы оқыту

Дата

Келісім бойынша

Формат

Офлайн / Онлайн

Ұзақтығы

3 күн/24 академиялық сағат

Көзделген аудитория

1. Мемлекеттік қызметкерлер
2. Корпорация басшылығы мен қызметкерлері
3. Экологиялық белсенділер және қауымдастық мүшелері
4. Студенттер

Оқыту нәтижесінде қатысушылар

ЖЭК-нің әртүрлі типтерін және әртүрлі ЖЭК қондырғыларының жұмыс істеуіндегі негізгі принциптерін ажырата алу; ЖЭК-не байланысты мемлекеттік реттеулер мен мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау жүйесін түсіну; ЖЭК жобаларының іске асырылу жолымен танысу (негізгі кезеңдері) және ЖЭК жобаларын қаржылық модельдеу негіздерін түсіну

ТОЛЫҚ

Семинар бағдарламасы

  • ЖЭК дегеніміз не?
  • Әлемдегі ЖЭК-нің даму тарихы;
  • ЖЭК дамуының қазіргі әлемдік тенденциялары;
  • Әлемдегі жаңартылатын энергия көздері бойынша жетекші елдердің рейтингі;
  • ЖЭК туралы мифтерді жоққа шығару;
  • ESG, көміртегі ізі және декарбонизацияны жаңартылатын энергия призмасы арқылы көру;
  • Жаңартылатын энергия технологияларының қазбалы отынды өндірумен салыстырғанда бәсекеге қабілеттілігі;
  • Тарихы, әлеуеті, болашағы;
  • Көзделген/мақсатты индикаторлар, стратегиялық құжаттар;
  • Қазақстан Республикасындағы ЖЭК даму жағдайы: жетістіктер, қиындықтар мен мәселелер;
  • Қазақстан Республикасындағы ЖЭК саласындағы мемлекеттік реттеу жүйесі (НҚА);
  • ЖЭК аукциондары;
  • Екіжақты келісім-шарттар;
  • Шағын ауқымды ЖЭК;
  • Жел энергиясы қондырғыларының жұмыс істеу принципі және түрлері;
  • Күн энергиясы қондырғыларының жұмыс істеу принципі және түрлері;
  • Су электр қондырғыларының жұмыс істеу принципі және түрлері;
  • Биогаз энергетикалық қондырғыларының жұмыс істеу принципі және түрлері;
  • Геотермалды энергия қондырғыларының жұмыс істеу принципі және түрлері;
  • Потенциалын зерттеу (жел мониторингі және PVSyst);
  • Жер учаскесіне құқықтарды таңдау және тіркеу;
  • Қосылу нүктесін анықтау, электр қуатын тарату схемасын әзірлеу және жаңартылатын энергия станциясын желіге қосудың техникалық шарттарын алу;
  • Жобалау және іздестіру жұмыстарын жүргізу;
  • Жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу (оның ішінде ҚОӘБ, мемлекеттік тыңдаулар, экологиялық, археологиялық және басқа да қажетті рұқсаттар);
  • Жобалық-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптамадан өту;
  • Құрылысқа рұқсат алу (құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталуы туралы хабарлама);
  • Инвестициялық преференцияларды алу (міндетті емес);
  • Құрылыс-монтаждау жұмыстары;
  • Салынған ЖЭК объектісіне құқықты пайдалануға беру және мемлекеттік тіркеу;
  • Электр қондырғыларын кешенді сынақтан өткізу, ЭКЕАЖ коммерциялық пайдалануға қабылдау;
  • Жобалық қуаттылыққа жету. ЖЭК объектісін пайдалану және техникалық қызмет көрсету;
  • ҚР ЕЭҚ-ындағы теңгерімсіздіктер;
  • Жел және күн электр станцияларының тұрақсыз жұмысы;
  • Маневрлік мүмкіндіктер;
  • Энергия сақтау жүйелері;
  • Сұранысты басқару;
  • ЖЭК дамыту перспективасымен Қазақстан Республикасының ЕЭҚ теңгерімсіздік мәселелерін шешудің мүмкін жолдары;
  • Қаржылық модельдеу;
  • Қазақстан Республикасындағы жаңартылатын энергия жобаларын қаржыландырудың қаржылық институттары және қолда бар құралдары;
  • Жаңартылатын энергия жобаларын қаржыландырудың шетелдік тәжірибесі;
  • Қазақстан Республикасындағы шығарындыларды саудалау жүйесі (ETS);
  • Көміртегі несиелерінің халықаралық нарығы. Көміртегінің орнын толтыруға арналған ерікті стандарттар;
Оқу курсын меңгеруге арналған тестілеу (2 сағат)

БІЗДІҢ

Оқытушылар

Тапсырыс беру