Қауымдастық инвесторларды, девелоперлерді, жабдық өндірушілерді, халықаралық қаржы институттары мен университеттерді біріктіре отырып, Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерін дамытуды қолдау мақсатында 2018 жылы құрылды.
2021 жылғы 7 қазанда қауымдастық «жасыл» экономика қағидаттарын ілгерілету және көміртегі бейтараптығына қол жеткізуге жәрдемдесу мақсатында «Qazaq Green» ЖЭК қауымдастығы болып қайта аталды.
Қауымдастық мүшелері бірқатар маңызды артықшылықтарға ие болады: Қазақстандағы ЖЭК жобаларын іске асырудың барлық кезеңдерінде білікті қолдау, компаниялардың мүдделерін ілгерілету, Қазақстандағы ЖЭК жөніндегі нормативтік-құқықтық база бойынша өзекті ақпарат алу, ЖЭК жөніндегі нормативтік-құқықтық құжаттарды өзектендіру мақсатында қауымдастық арқылы мемлекеттік органдарға ұсыныстар енгізу, ақпараттық және талдамалық қолдау алу, сондай-ақ компанияны Қазақстан нарығында Қауымдастықтың медиа-арналары арқылы жылжыту мүмкіндігі.
Қауымдастық ҚР Энергетика министрлігінде, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінде, «Атамекен» ҚР ҰКП-да аккредиттелген және қазіргі уақытта Қазақстанда ЖЭК дамыту бойынша мемлекеттік органдар үшін де, бизнес-қоғамдастық үшін де негізгі сараптамалық орталықтардың бірі болып табылады.
Қауымдастық Solar Fest Qazaqstan ЖЭК бойынша Халықаралық бизнес фестивалінің бастамашысы болып табылады, сондай-ақ QazaqGreen салалық ақпараттық-талдау журналын шығарады.
Мақсат – саланы шоғырландыру:
Саланы дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында жаңартылатын энергетика секторындағы ойыншыларды біріктіру.
Миссиясы:
ЖЭК жобаларына инвестициялаудың тартымды шарттарын алу үшін Қауымдастық қатысушыларының тұтас ұстанымын қалыптастыру.
Қауымдастықтың негізгі міндеттері:
1. Қауымдастық мүшелерінің мүдделерін білдіру және қорғау;
2. Қазақстанда ЖЭК жобаларын іске асыру мәселелері бойынша Қауымдастық мүшелері мен мүдделі инвесторлар үшін ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
3. Қазақстан Республикасының заңнамалық нормаларына ұсыныстар енгізу арқылы инвестициялық ахуалды жақсарту;
4. Халықаралық қаржы институттарымен ынтымақтастық;
5. Инвестициялар мен үздік практикаларды тарту үшін саланы халықаралық аренада ұсыну.