Болат Ақшолақов: ҚР-да 2022 жылы жалпы қуаты 290 МВт ЖЭК 10 жобасы іске қосылады

Энергетика министрі Болат Ақшолақов ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында жаңартылатын энергия көздері саласындағы жұмыс туралы айтты, деп хабарлайды Qazaq Green.

"ЖЭК секторына инвесторлар тарту жұмыстары жалғасуда. 2022 жылы жалпы қуаты 290 МВт 225 млн доллар болатын ЖЭК 10 жобасын пайдалануға беру жоспарлануда", – деді ол.

2021 жылдың қорытындысы бойынша ЖЭК объектілері өндірген электр энергиясының көлемі 4,2 млрд.кВт құрады.с.ЖЭК электр энергиясын өндірудің 2022 жылға арналған алдын ала жоспары – 4,5 млрд.кВт.Ш.

Ол Қазақстанда цифрлық майнинг субъектілерін жаңартылатын энергия көздерінен және импорттан электр энергиясын тұтынуға ауыстыру бойынша шаралар пысықталып жатқанын атап өтті.

 

18.03.2022