Қайрат Рахимов «Электр энергиясы мен қуаты рыногының Қазақстандық операторы» АҚ-ның Басқарма төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Qazaq Green ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қайрат Рахимов 1985 жылы Теміртау қаласында дүниеге келген.
Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін, Сеулдік ұлттық университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 2006 жылы «Қарағанды-Жарық» ЖШС-нде электромонтер болып бастады.
2007-2009 жылдары Табиғи монополияларды реттеу бойынша Агенттігінің басқармаларында жетекші маман, сарапшы болып қызмет атқарған.
2009-2021 жылдары Энергетика министрлігінің бас сарапшысы, Департамент басқармасының бастығы, Департамент директорының орынбасары, Департамент директоры, Вице-министрі болған.
27.04.2022