«ҚазМұнайГаз» және TotalEnergies қуаты 1 ГВт ЖЭС салу жобасын талқылады

Сәуірдің 14 күні «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев TotalEnergies компаниясының Азия-Тынық мұхиты аймағы жөніндегі аға вице-президенті Жульен Пужемен кездесті, Qazaq Green хабарлайды.
«ҚазМұнайГаз» компаниясының мәліметінше, келіссөздер барысында тараптар ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін және өзара жұмыстың басым бағыттарын талқылады.
«Кездесуде электр энергиясын жинақтаушы жүйесі бар, жалпы қуаты 1 ГВт гибридтік жел электр стансасын салу мен пайдалануға беру жобасы талқыланды», – деп мәлімдеді «ҚазМұнайГаз» баспасөз қызметі.
Жульен Пуже компаниялар арасында қалыптасқан іскерлік қарым-қатынасқа жоғары баға беріп, TotalEnergies «ҚазМұнайГаз»-бен баламалы энергетика жобалары және басқа да бағыттар бойынша ынтымақтастығын жалғастыратынын атап өтті.

18.04.2022