Қазақстанның ұлттық электр желісін түбегейлі жаңғырту күтіп тұр
Электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық "KEGOC" компаниясы Ұлттық электр желісін дамытудың болжамды моделін әзірлеуге кіріседі, деп хабарлайды Qazaq Green.
Еліміздің Энергетика министрлігі Қазақстанның Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің (БЭЖ) 2035 жылға дейінгі электр энергиясы мен қуатының болжамды теңгерімін бекіткен болатын
Қазақстан Республикасының БЭЖ-інде перспективалы энергия тұтынуды өтеу үшін 2035 жылға қарай шамамен 17,5 ГВт жаңа генерациялайтын қуаттарды енгізу жоспарлануда. Олардың құрылымы әртүрлі технологиялар және оларды орналастыру орындарымен көрсетілген.
"Ұлттық электр торабын ауқымды жаңғырту электр энергиясының қажетті өңіраралық және мемлекетаралық ағындарын қамтамасыз ете отырып, жаңа генерацялайтын қуаттарды іске қосумен үйлестірілуі тиіс", – делінген Қазақстандық электр желілерін басқару компаниясының хабарламасында.
Ұлттық электр желісінің болашақ конфигурациясы Smart Grid заманауи технологияларын пайдалана отырып, Батыс Энергетика аймағын Қазақстанның БЭЖ-мен біріктіруге, қажет болған жағдайда Орталық Азияның Біріккен энергия жүйесінен бөлек жұмыс істеу мүмкіндігімен Оңтүстік Энергетика аймағын күшейтуге, энергия теңгеріміне елдің батыс, шығыс және оңтүстік өңірлерінің жаңартылатын энергия көздерін кең ауқымды тартуға жағдай жасай отырып, елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тиіс, қажетті желілік инфрақұрылымды салу және энергияны шоғырландыру жүйелерін енгізу арқылы Жоңғар қақпасы мен Шелек дәлізінің бірегей жел әлеуетін қоса алғанда.
Естеріңізге сала кетейік, Алматыдан 140 шақырым жерде салынып жатқан қуаты 60 МВт болатын жаңа жел электр станциясын (ЖЭС) осы жылдың тамыз айының басында пайдалануға беру жоспарланып отыр. Энергетикалық нысан Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында Шелек дәлізі деп аталатын ЖЭК әлеуетін дамытуға арналған бірегей өңірде салынуда, мұнда желдің орташа жылдық жылдамдығы 50 метр биіктікте – 7,8 м/с, ағынның тығыздығы - 310 Вт/м2 құрайды.
19.04.2022