Құрметті достар!
"QazaqGreen" журналының 4-ші нөмірі жарық көрді
Qazaq Green қауымдастығы атынан Конрад Аденауэр қорының (Konrad-Adenauer-Stiftung) қолдауымен шыққан QazaqGreen журналының жаңа санының шығуы туралы қуанышты жаңалықты хабарлауға рұқсат етіңіз.
QazaqGreen журналының бұл санында еліміз бен өңіріміздегі экологиялық саясат пен жаңартылатын энергетиканың өзекті мәселелері: көміртегі бейтараптығына қол жеткізу мәселелері, электр энергетикасының проблемалары мен сын-қатерлері, "жасыл" технологияларды дамыту және жаңартылатын энергетиканы дамыту жөніндегі халықаралық тәжірибе қамтылған.
Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Qazaqgreen журналының бастамасын қолдағаны үшін Конрад Аденауэр қорының Қазақстан Республикасындағы өкілдігіне алғысымызды білдіреміз, сондай-ақ журналдың осы нөмірін дайындаудағы ынтымақтастығымыз үшін авторларымызға алғысымызды білдіреміз.
Журналдың электрондық нұсқасымен Сіз біздің ақпараттық порталда таныса аласыз: https://qazaqgreen.com/journal.../journals-association/853/
QazaqGreen басылымының беттерінде біз әртүрлі пікірлерді естиміз деп үміттенеміз, проблемаларды қойып қана қоймай, мүмкін болатын шешімдерді де естиміз. Журнал беттерінде ашық талқылауға шақырамыз.
Нұрлан Қапенов
Директорлар кеңесінің төрағасы
QAZAQ Green қауымдастығы
25.01.2023