Qazaq Green журналының жаңа нөмірі жарыққа шықты

"Qazaq Green" ЖЭК қауымдастығы атынан Сізге сәлем жолдап, Конрад Аденауэр қорының қолдауымен басылып шығатын QazaqGreen журналының жаңа нөмірі жарыққа шыққаны туралы хабарлауға рұқсат етіңіздер.  

QazaqGreen журналының осы санында біздің еліміз бен өңір үшін экологиялық саясат пен ЖЭК-тің өзекті мәселелері: көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу проблемалары, ЖЭК станцияларына салық салу, электр энергетикасы саласының проблемалары мен сын-тегеуріндері, экономиканың нақты секторын декарбонизациялау, "жасыл" технологиялар мен көміртегі нарықтарын дамыту, жаңартылатын энергетиканы дамытудың халықаралық тәжірибесі қозғалды.

Біздің қауымдастық атынан Қазақстан Республикасындағы қор өкілдігіне алғысымызды білдіреміз. Конрад Аденауэр QazaqGreen журналын шығару жөніндегі бастаманы қолдағаны үшін, сондай-ақ біздің барлық авторларымызға журнал нөмірін дайындаудағы ынтымақтастығы үшін алғыс айтамыз.

Журналды біздің сайтта келесі сілтеме бойынша оқи аласыз: https://qazaqgreen.com/kz/journal-qazaqgreen/journals-association/590/

QazaqGreen әлеуметтік желілердегі парақшаларында журналдағы мақалаларда көтерілген проблемалар туралы және олардың шешу жолдары бойынша ашық пікірталасқа шақырамыз.

09.09.2022